Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арасында 2 бала бар 10 адамды сыртқа шығарып үлгерген. Сондай-ақ, қауіпсіздік үшін көрші орналасқан емханадағы пациенттер мен дәрігерлер де түгел далаға шығарылды. Ал өрт сөндірушілердің жұмысын шатырдағы пенопластың жануы қиындатыпты. Қою улы түтіннен де тілсіз жауды ауыздықтау мұңға айналған. Салдарынан өрт ошағы мен көршілес бір пәтер түгі қалмай жанып кетті. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазір төтенше жағдайдың шығу себептері анықталып жатыр.