Қарағандыда үш жасар қыздың өліміне қатысты жаңа деректер анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда үш жасар қыздың өліміне қатысты жаңа деректер анықталды

Қарағандыда үш жасар қыздың өліміне қатысты жаңа деректер анықталды

Анасы қызының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

  • 3 Қаңтар 2018
  • 178
Фото - Caravan.kz

Қарағанды ауруханасында көз жұмған 3 жасар Айзере ҚАҚАРМАНОВАНЫҢ ата-анасы қайғылы оқиғаға дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп есептейді,деп хабарлайды ratel.kz.

 «Біз Қарағанды инфекциялық ауруханаға 23 желтоқсанда жөтелмен түстік. 28 желтоқсанда бронхитті емдеп, ауруханадан шығуға дайындалдық. Алайда қызым құса бастады. Дәрігерлер мұны тамақтан уланды деп қорытынды жасап, асқазанын шайды. Ол құсуын тоқтатты, сосын іші өте бастады», — дейді көз жұмған сәбидің анасы Диана ҚАҚАРМАНОВА.

Ем-дом жасалса да баланың қызуы түспей қойған.

«Мен 30 желтоқсан күні қолхат жазып емханадан шығып кеттім. Өйткені дәрігерлердің емі нәтижесіз болды. Алайда дәл сол күні біз жедел жәрдем көлігімен тағы да осы ауруханаға түстік. Өкінішке орай, оны ешкім өлімнен құтқарып қала алмады. Мен бізге көрсетілген медициналық қызметтің қаншалықты сапалы болғандығын білгім келеді», — дейді Диана.

Ал, денсаулық сақтау басқарамасы сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.


«Қаңтардың үші күні сараптама өткізіледі. Баланың нақты неден көз жұмғандығы медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсанда Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасында үш жасар қыздың жұмбақ жағдайда көз жұмғандығы туралы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар