Қарағандыда жол полициясы қызметкері жаяу жүргіншінің өліміне себепші болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жол полициясы қызметкері жаяу жүргіншінің өліміне себепші болды

Қарағандыда жол полициясы қызметкері жаяу жүргіншінің өліміне себепші болды

Дүйсенбіге қараған түні Қарағандыда полиция қызметкері

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Лада Приора» көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жолаушы сол жерде жан тапсырды.

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, Оңтүстік-Шығыс аудандық ІІБ криминалды полиция бөлімшесінің қызметкері жол апатына жеке көлігімен түскен.

Полицейлердің мәліметінше, 1959 жылы туған азамат «жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған».

«Полицей дереу жедел жәрдем шақырған. Ол әріптесімен бірге полиция бөлімшесіне бара жатқан. Көлікте қылмыстық іске қатысы бар күдікті де болған», — дейді әріптестері.


Қазір аталған факті жан-жақты тексеріліп жатыр.