Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары электронды домбыра ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары электронды домбыра ойлап тапты

Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары электронды домбыра ойлап тапты

Домбыраны бір күн ішінде құрастырған. 

  • 5 Наурыз 2018
  • 314
Фото - Caravan.kz

Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өзі ойнайтын электронды домбыра ойлап тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Айта кету керек, бұл екі шекті аспап Қазақстан бойынша алғашқы түпнұсқа болып саналады. Ұлттық аспап адамның көмегінсіз-ақ өзі күй ойнай алады. Аталған жобаны құрастыру үшін оқушылар небәрі 1 күн жұмсаған. Ал бағдарламаны іске қосуға 1 апта уақыт кеткен. Әзірге бұл дайын домбыра қазақтың «Еркемай» күйін орындайды. Алдағы уақытта оқушылар бағдарламаға жаңа күйлерді енгізбек.

«Домбыра біздің, қазақ елінің рухани байлықтарымыздың бірі деуге болады. Домбырада бұрыннан бері ата-бабаларымыз ойнап жүрген. Сондықтан жастарға рухани жаңғырту кілті ретінде көрсететін болсақ, қазақ елін алға жетелейтін боламыз», — дейді 10 сынып оқушысы Ерасыл Тұраров.


 

Соңғы жаңалықтар