Қарағандылық зейнеткер алаяқ риэлторларға алданып, өлім аузынан аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық зейнеткер алаяқ риэлторларға алданып, өлім аузынан аман қалды

Қарағандылық зейнеткер алаяқ риэлторларға алданып, өлім аузынан аман қалды

Адамды алдап-арбаудың тәсілін шебер меңгерген алаяқтардың торына түскен қарағандылық зейнеткер өлім аузынан аман қалды. Қарияның  пәтерін өз аттарына рәсімдеп алмақ болған жергілікті риэлторлар оны ұрлап әкетіп, қала сыртындағы қараусыз жатқан моншада бір апта бойы азаптапты.

  • 23 Шiлде 2011
  • 582
Фото - Caravan.kz


Зейнеткерден хабар болмаған соң жақындары, тіпті, экстрасенстің көмегіне де жүгінген. Алайда оның керегі болмады. Полиция арнайы операция өткізіп, зейнеткерді құлдықтан аман-есен шығарып алды. Қазір 63 жастағы Георгий Коновалов ауруханада жатыр. Ұрылар оны оңдырмайсабапты. Қатты соққыдан жәбірленушінің жағы сынып, миына қан құйылған. Қарт кісіге күш көрсетіп, пәтерін тартып алмақ болған екі риэлтор жігіт қамауға алынды. Бір қызығы олар бірден ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен бостандыққа жіберіліпті.

Соңғы жаңалықтар