Қарағандының Октябрь ауданының прокуратурасы ауданда орналасқан балалар бақшаларынан заң бұзушылықтарды тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының Октябрь ауданының прокуратурасы ауданда орналасқан балалар бақшаларынан заң бұзушылықтарды тапты

Қарағандының Октябрь ауданының прокуратурасы ауданда орналасқан балалар бақшаларынан заң бұзушылықтарды тапты

Қарағанды. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды қаласының Октябрь ауданының прокуратурасы "Ақбота" балалар бақшасы" мемлекеттік кәсіпорнында қазіргі білім беру, денсаулық сақтау заңдарының бұзылуы, санитарлық нормалар мен ережелерді, сондай-ақ, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтамауы сияқты заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағандының Октябрь ауданының прокурорының аға көмекшісі Ләйлә Естілеева.

  • 13 Наурыз 2008
  • 557
Фото - Caravan.kz

«Мысалы, процедуралық кабинеттегі шкафтан және манипуляциялық үстелден мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектің оннан астам түрі табылды», — деп ақпарат берді Л. Естілеева.

Прокурордың аға көмекшісінің хабарламасына сүйенсек, ҚР өртке қарсы қауіпсіздік ережесінің 75.5 пунктін бұза отырып балалар бақшасының ішінде электр бөлімінде қолдан жасалған тез ерігіш құралдарды пайдалануға жол берілген.

Сонымен бірге, Л. Есілееваның ақпаратына сүйенсек, «Балапан» балалар бақшасы» ҚҚК Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңын бұзған.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, балалар бақшасының басшылығы 2007 жылдың қаңтар айында тамақ өнімдерін жеткізіп тұруды мемлекеттік сатып алу туралы алты компаниямен келісім жасалған. Бұл жерде заңмен қарастырылған баға ұсынысы сұралмаған, мемлекеттік сатып алу процедурасы сақталмаған.

Тексеріс нәтижесі бойынша аудандық прокуратура заң бұзушылықтарды жою туралы алты ұсыныс шығарған. 16 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Л. Естілеева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті