Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша қылмыстық іс қозғауға Орталық аймақтық әскери прокуратурасының тексеру материалдары негіз болған.
Тергеу кезінде анықталғанындай,С. Медеубаев пен В. Жданов » ҚР үкіметінің қорынан заңсыз бюджеттік трансферттерді алу үшін Приозерскіге келген әскери қызметкерлердің 545 пәтеріне жүргізілген жөндеу жұмыстарына 89 млн теңге жұмсалып, қарызды қайтару керек деген жалған деректер берген».
89 млн теңге көлеміндегі қаржы республикалық трансферт үкіметтің қорында түрлі шығындар,табиғат және техногендік төтенше жағдайларды жоюға қарастырылған 2004 жылдың республикалық бюджетінен бөлінді.
Алайда, әскери прокуратураның қаржылық тексеру жұмыстары кезінде анықталғанындай, әскерилердің пәтерлерін қалпына келтіру жөндеу жұмыстары толық көлемде жасалмай, бөлінген трансферт тікелей жұмыстарға жұмсалмаған.
«С. Медеубаев пен В. Жданов 16 млн 739 мың теңгені орынды жұмсамаған», -деп хабарлайды Қарағанды облысының қаржы полициясының баспасөз қызметі.
В. Ждановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодекстік 307 бабының 2 тармағы бойынша және 3 тармағының «б», «г» тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалды (Мүлікті ұрлау, талан-таражға салу, қызметтік құзырын пайдалана отырып ірі көлемде қаржыны жымқыру).
Приозерск әкімі С. Медеубаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 4-тармағы бойынша айып тағылды (қызмет құзырын асыра пайдалану).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті