Қарағаныдыда жаяу жүргіншілер велосипедшілерді саябақтан қуып кетіре алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағаныдыда жаяу жүргіншілер велосипедшілерді саябақтан қуып кетіре алмай жүр

Қарағаныдыда жаяу жүргіншілер велосипедшілерді саябақтан қуып кетіре алмай жүр

Әкімшілік кодекске енген өзгерістерге қарамастан, Қарағандының орталық саябағы велосипедшілерге толып кетті. Жаңа ережеге сай. жаяу жүргіншілер жолында велосипедпен жүруге тыйым салынған. Алайда саябақ басшылары екіаяқты көлікті жалға берушілермен келісім-шартқа отырып, жүру бағытын да өздері сызып беріпті. Осыған сүйенген велосипедшілерді полицейлер де жазалауға қауқарсыз болып отыр.

  • 29 Мамыр 2015
  • 271
Фото - Caravan.kz

Қарағандының орталық саябағында велосипедті жалға беру ісі соңғы жылдары қарқын алды. Ал оны мінгендердің жаяуды алды-артынан орағытып, жол кесіп жататыны өз алдына, қағып өткен кездері де жиілеген. Биыл Әкімшілік кодекске енген өзгерістер саябақтардағы мынадай қозғалысты тыюы керек еді. Бірақ, велосипед бизнесіндегілер келісім-шарттары барын айтып, маңайлатар емес.

Келісім-шарт пен саябақ картасында веложүргіншілерге арналған жол қызыл жолақпен белгіленген. Бұны бақтағы полицейлер де қолдарына ұстап алыпты. Ал жаяу жүргіншілердің жолын, рұқсатсыз веложолға айналдырып жіберген шенеуніктер қосымша табыс тауып отырмыз дейді.

 Рустам Көдебаев, Қарағанды облыстық саябақтар басқармасы басшысының орынбасары:

Өткен жылы мұнымен заңсыз айналысатындар көп болған. Биыл жағдай түзелді. 100-ге тарта велосипедтің әрқайсы үшін айына 5 мың теңге аламыз. Велосипед жүретін жолды өзіміз белгілеп бердік.

 Жаңа жылдан бастап жаяу жүргіншілер жолына шыққан велосипедшіге 10 мың теңге көлемінде айыппұл салуға толық негіз бар. Адам қақса 20, ережені қайта бұзса 30 мың теңге төлеуі тиіс. Бірақ әзірге мұндай шаралар ешкімге қолданылмапты.    

 Елжас Жартыбаев Қарағанды облыстық ІІД инспекторы:

-Велосипед жүргіншілеріне арнайы жасалған жол жоқ. Сондықтан олар жол шетімен жүріп, жол қозғалысы ережелерін кейде бұзады. Бірақ қазір хаттамалар жазылған жоқ. Олардың алдын алу шаралары қолданылып жатыр.

Саябақтағы жүрісті тыйып, заңның орындалуы қолға алынса, велосипедшілердің жағдайы нашарлайтынында дау жоқ. Себебі енді олар  көлік құралы ретінде тек автожолдарда ғана жүрулері керек. Арнайы жолдың жоқтығы да өз алдына, енді кішкентай үшдөңгелекті велосипедтің жүргізушісі ереже бұзса да, жазалануы мүмкін. Өйткені өзгерген заңда бұрынғыдай 14 немесе 16 жасқа.