Бұл орайда Әбілдина “Қазақстан” арнасының “Бақытты әйел” бағдарламасына сұхбат беріп, өткен өмірден түйгенімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.
“Отбасылық өмірде болсын, өнерімде, кәсібімде болсын, осы жасыма бір адамдай көкейдегі жүрген арман-тілектерім орындалып, өз жолыммен сатылап келе жатқан жайым бар. Ешнәрсеге өкінбеймін. Құладың-тұрдың деген теңеу де маған келіңкіремейді. Құлап, сүрініп, жылап, аяғымды шалыс басқан жандардың қатарында емеспін. Неге десеңіз, мен бір жылы алақаннан екінші жылы алақанға өтіп отырған, өмірде жолы болған бақытты жандардың қатарына жатқызамын өзімді. Өйткені Аллаға шүкір, ата-анам тәрбие берді, одан кейін нағыз бойжеткен шағымда үлкен Қымбат апайымның тәрбиесін көрдім. Одан кейін Қыдекеңе ұзатылып, мінеки, Қыдекеңнің қамқорлығында келе жатырмын.
Сондықтан да өмірде қатты қиындық көріп, бірнәрсені армандап, соған жете алмау – ондай болған емес. Өмірде қиындық көрмеген жандардың қатарындамын. Ол материалдық жағдай болсын, басқа болсын. Аллаға шүкір, жақындарым қасымда. Барлық мейірімін, жанашырлығын танытып келеді күні бүгінге дейін. Бүгінгі таңда Қарақат болып қалыптассам, сол ақтілеулі жандардың маған берген тәрбиесі. Шүкір етемін, құлыншақтарым өсіп келе жатыр. Үш қалада мектебім бар. 400-ге жуық шәкірт тәрбиелеп жатыр екенмін, – дейді Әбілдина.
Оқи отырыңыз:
Семіріп кеттім, ашулымын, шашым да жуылмай қалады — Салтанат Бақаева
Баламды сұрап жүр: бергім келмегенім үшін ажырасамын ба?
Еріншек әйел сұлу бола алмайды: Баян Мақсатқызы