Жарияланды: 390

Баламды сұрап жүр: бергім келмегенім үшін ажырасамын ба?

Баламды сұрап жүр: бергім келмегенім үшін ажырасамын ба?

Нақты шешім қабылдай алмай, амалым таусылды. Біріңіздің болмаса, біріңіздің ақыл-кеңестеріңіз кәдеме жарар деп үміттенем. Басымдағы жағдай былай...

Бұл туралы үшбу хатта көмек сұрады. 

"Салеметсіздерме? Өтініш анон болса деймін, алдын ала рахмет! Сәлеметсіздерме! Көптен сіздерге жазсам деп журіп едім, басым қатып кетті!Жасым 29да 1улым бар, тұрмыс құрғаныма 3 жыл болды. Күйеуіммен 5 жыл журіп үйлендік, баланы көптен күтіп дүниеге акелдік, мендегі проблема аяғым ауыр кезде енем баланы туа салысымен алып аламыз, ұрлап әкетеміз, сендерді аға жеңге деп айтатын болады деп айтатын үндемедім (былай оте жаксы кісілер атам да, енем де) бірақ, өзіміз көптен күткен бала болған соң бергім келмейді, енді күйеуімнің миын жеп жүр "баланы қашан бізге бересіңдер" деп. Мен басында ашып айтқам, ренжімеңіздер, баламды бере алмаймыз деп, ол кісілер жас, алыста ауылда тұрады біз қалада, балалары бәрі қалада,жақын жерде болса берер ме едім деп ойлайм кейде. Әр сенбі, жексенбі қалага кеп тұрады таксовать етіп бүгін тойга келген екен күтіп алдым. Енді жатарда баланың беті қолын жуып жатсам, артымнан іле-шала енем есікті аша сап, немене сонша жуып жатырсың, біздің суйгенімізден жиіркеніп жүрсің ба дейді. Аузымды аштымда қалдым, беті кір қожалақ болған соң жуған едім деп сасып қалдым, айтсаң айта бересің ондай тисетіні кейнгі кезде солай көп, тиісе береді, күйеуім командировкамен жумыста, мен уйде қайын апкем, қайын сіңілім үшеуміз тұрамыз! Алдында күйеуіме ватсапта "баланы беріңдер, айелің жұмысқа шыксын, інің үйленгенге ақша тапсын депті. Оған екеуміз ұрсысып ажырасайық деп шештік, сонда бала сенде қалады ғой дейді. Сонда өзімнің баламды бергім келмеген ушін ажырасамын ба? Өтініш, дұрыс жағынан жағымсыз пікір айтпай, дұрыс түсініп, совет айтсаңыздар. Не істесем болады,өзім Үндемейтін адаммын, ренжіп калама деп адам көңіліне, қас қабағына көп мəн берем, қатты айта алмайм, не істесем болады? Админ! көп рахмет шыгарып жатсаныз."

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін