Жарияланды: 610

Қарашығанақ кенішіндегі газ жобасының техника-экономикалық негіздемесін жасау жөніндегі тендерде "Келлогг Браун энд Рут" компаниясы жеңіске жетті

Қарашығанақ кенішіндегі газ жобасының техника-экономикалық негіздемесін жасау жөніндегі тендерде "Келлогг Браун энд Рут" компаниясы жеңіске жетті.

Газ игеру жобасының техника-экономикалық негіздемесі 2003-жылдың соңына дейін дайын болады деп межеленген. Бұл туралы бүгін, 1-тамызда "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның басқарушы директоры Жақып Марабаев журналистерге хабарлады. Ж.Марабаевтың айтуынша, жобаның құны 1-1,2 млрд. долларға бағаланып отыр. Зауыт жылына 5 млрд. текше метр газ өндіретін болады. Өнім бөлісу жөніндегі негізгі келісімге сәйкес, зауыт құрылысы 2005-жылдан бастап салына бастамақшы. Жоба аясында газ тасымалдау мәселесіне тоқталған Ж.Марабаевтың айтуынша Эни және БритишГаз компаниялары мен Қазақстан арасындағы айырбас жөніндегі келісімге сәйкес газды Ресей арқылы Еуропа базарларына жөнелтуге ниет білдіріліп отырғанын хабарлады. Осындай мүмкіндіктің қазір қарастырылып жатқанын хабарлаған Ж.Марабаев бұл туралы бүгін Елбасына баяндалатынын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть