Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Сәуле Қойшыбаева туған қызын соттатпақшы.
Ананың айтуынша, жиырмадан асқан қызы кенже інісін бауырына басып, анасын айдалаға қуып жіберген.
Күңіренген күзде қуылған ана, қытымыр қыста жеңіл киіммен жаурадым дейді. Биылғы қыс та, қыз да аямады деп даурығады ана.
Қызының қылығына тойған әйел өз қызының былығын ашқысы келеді. Жиырмадан асқан бойжеткен анасын қуып жіберген.
"Анам арақ ішеді, көп өтірік айтады, тек ақша керек оған" — дейді қызы.
Бұл айтқандарын жоққа шығарған анасы:
"Қарғыс атсын сендерді, сендерді бағып-қақтым, нан табатын жағдайда жеттіңдер, енді бақырып отырсыңдар маған"- деп қарғады.
Желідегі оқырмандар перзентінің дұрыс жасамағандығын жазып жатыр. Ал кейбір оқырмандар қанша жаман болса да олай қарғамаңыз өз перзенттеріңізді, ана қарғысы жаман болады деген пікірлер қалдыруда.