Қарулы күштер қатарында діни көзқарасы қауіп тудыратын сарбаздар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарулы күштер қатарында діни көзқарасы қауіп тудыратын сарбаздар жоқ

Министр қарулы күштер қатарындағы діндар жастар арасында жүргізілетін жұмыс туралы айтып берді

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов еліміздің қарулы күштерінде радикалды діни ағымдардың жолын кесу үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Әскерге шақырылған жастардың арасында радикалды діни ағымдардың ықпалына іліккен жастардың болатыны белгілі. Олар армияда атымен жоқ деп айта алмайсыз. Олардың сақалын қырып, әскердің ұзын шалбарын кигізумен іс бітпейтіні белгілі. Әскер қатарындағы осындай жастармен қандай жұмыстар жүргізіледі?", — деп сұрады үкіметтік сағатта министрден депутат Сауытбек Әбдірахманов. Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, бұл бағытта әскерге шақырылатын жастар арасында үлкен жұмыс жүргізіледі. "Қазіргі уақытта қарулы күштерімізде әскери борышын өтеп жатқандар — еліміздің азаматтары. Оларды әскерге шақырған кезде олар, ең алдымен, психологтардың алдынан өтеді. Психологтың әр түрлі сұрақтары бар, соның ішінде біреуі дінге байланысты. Соның бәрін қарап шыққаннан кейін әскерге шақырамыз. Әскерге келгеннен кейін де олармен психологтар жұмыс істейді. Идеология жағынан жұмыс істейтін офицер лауазымын енгіздік. Сол офицер әскердегі солдаттар мен офицерлермен жұмыс істейді. Батальонда үш жүз адам болса, соның ішінде осындай екі-үш адам болады. Сол екі-үш солдат, сержанттармен психолог пен идеологиялық жұмыс жөніндегі офицер жұмыс істейді. Бәрімен әңгімелесіп шыққаннан кейін, барлық жағын, оның ішінде діни көзқарасын зерделеп, командирге баяндама жасайды", — деп жауап берді Жасұзақов. Министрдің сендіруінше, бүгінде қарулы күштер қатарында діни көзқарасы қауіп тудыратын сарбаздар жоқ. "Арамызда мешітке барады, басқа қылады дейтіндей адамдар жоқ. Сарбаздар қарулы күштерге бір жылға келеді. Бір жылдың ішінде бүкіл уақыты казармада, жаттығуда өтеді. Басқаға уақыты жоқ. Кейін олар туралы барған жерлеріне мәлімет береміз. ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен көп жұмыс істейміз, бәрін тексеріп шығамыз. Қауіп тудыратындармен жұмыс өткіземіз. Қазіргі уақытта Қарулы күштерде қауіп тудыратын сарбаздар жоқ", — деп түйіндеді сөзін министр.

  • 24 Сәуiр 2017
  • 341
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар