Қарызы үшін көршісін пышақтап, оның күйеуіне жарақат салған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.37
  • 474.49
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарызы үшін көршісін пышақтап, оның күйеуіне жарақат салған

Қарызы үшін көршісін пышақтап, оның күйеуіне жарақат салған

Оңтүстік Қазақстан облысында кісі өлтірді деген күдікпен ауыл тұрғыны ұсталды.

  • 27 Қараша 2013
  • 485
Фото - Caravan.kz

Сарыағаш ауданында тұратын 28 жастағы әйел қарыз ақшасын сұрап келген 43 жастағы көрші әйелдің бірнеше жеріне пышақ сұққан, содан кейін оның күйеуіне жарақат салған. Бұл туралы облыстық полицияның бүгінгі хабарламасында мәлімделген.

Ер адам әйелдің қолынан пышақты жұлып алып көшеге жүгіріп шығып көмек шақырған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, алайда әйел іші мен кеудесіне тиген пышақ жарақатынан тіл тартпай кетті.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған әйел уақытша оқшаулағышқа қамалды.


Соңғы жаңалықтар