Қаржы пирамидасына шағымданып 200 салымшы полицияға арыз жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы пирамидасына шағымданып 200 салымшы полицияға арыз жазды

Қаржы пирамидасына шағымданып 200 салымшы полицияға арыз жазды

Ақмола облысының ішкі істер департаментіне (ІІД) қаржы пирамидасының салымшыларынан оны ұйымдастырған адамдарға қатысты шара қолдануды сұраған 200 арыз түсті, деп мәлім етті облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы Жеңіс Кәрімов .

  • 3 Маусым 2011
  • 589
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазіргі уақытта фирманың қамауға алынған есепшоттарында ақша жоқ. «Біз 41 млн ақшалай қаржы тәркіледік. Бірақ ол салымшылардың ақшаларын номиналы бойынша қайтаруға да жетпейді», — деді Ж.Кәрімов жұма күні баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде облыстық қаржы полиция департаменті бастығының орынбасары Қоныс Жұмағұлов салық органдары «Бақыт» ЖК-сін тарату мақсатымен оның қызметін тексеру шараларын бастағанын хабарлады.

Еске сала кетейік, қаржы пирамидасын ұйымдастырған Бақыт Әділова бастапқыда жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп, кейін Маржан Мұқанованың атына тіркеген «КазРосИнвестпроект» ЖШС-ін құрған.

Б. Әділова 132 бап (алаяқтық) бойынша ұсталды. «Айып әлі тағылған жоқ, біздің жағдайдың бәрін анықтауға уақытымыз бар, жақында айып тағамыз», — деді Ж. Кәрімов.

Бұрын хабарланғандай, Көкшетауда алаяқтық жасады деген күдікпен «КазРосИнвестпроект» ЖШС қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Бақыт Әділова ұсталды.

Ал салымшылар Б. Әділованың қамауға алынуымен келіспей отыр, олар пирамиданы ұйымдастырушыларға халықтың ақшасын қайтаруға мүмкіндік беру керек деген пікірде. Салымшылар наразылық акцияларын өткізе бастады.

«Біз көп қаржы салдық, көбі несие алды, ал енді бізге өз ақшамызды қайтару үшін күресу ғана қалды», — дейді салымшылардың бірі.

Еске сала кетейік, «Алатау» сауда орталығында орналасқан ұйым соңғы 3 ай бойы лицензиясыз жұмыс істеген. Халықтан займдар алып, бір айдың ішінде 3,5 есе көбейтіп қайтарған.

Қазір фирманың есепшоттары қамауға алынды. Ұйымның басшыларына қатысты ҚР ҚК 177 б. 2б. «а» тармағы бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы топтасып жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Салымшылар күш құрылымдары қызметкерлерінің фирманың кеңсесінен ішіне құжаттар мен ақша салынған сейфті алып шығуға кедергі жасаған, алайда тәртіп сақшылары «тірі дәліз» жасап, сейфті алып шықты.

Соңғы жаңалықтар