Қаржы полициясы Арал өңірінде шығын көлемі 2 млрд 228 млн теңгені құрайтын 406 қылмысты анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы  Арал өңірінде шығын көлемі  2 млрд 228 млн теңгені құрайтын  406 қылмысты анықтады

Қаржы полициясы Арал өңірінде шығын көлемі 2 млрд 228 млн теңгені құрайтын 406 қылмысты анықтады

Қызылорда. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда обласының қаржы полициясы жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 2 млрд 228 млн теңге шығын келтірілген 406 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қызылорда облысының экономикалық және сыбайлас -жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменті (ЭСЖКД) хабарлаған.

  • 27 Қараша 2007
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Арал өңірінің қаржы полициясы биыл 406 қылмысты тіркеді, оның 70 сыбайлас жемқорлыққа қытысты. Бұл қылмыстардың келтірген шығын мөлшері 2 млрд 228 млн теңгені құрап, оның 200 млн мемлекет қазынасына әлі қайтарылмаған», — деді облыстық ЭСЖКД баспасөз хатшысы Раушан Мамекова.

Оның сөздеріне қарағанда, бұл тендер өткізу барысында заң бұзушылықтарға жол берілуі, ҚҚС жасыру, салықтарды дұрыс есептемеу және төлемеуден туындаған қылмыстар.

Сондай-ақ, департаменттің ақпараты бойынша, биыл қаржы полициясы сыбайлас -жемқорлыққа барған құқық қорғау органдар қызметкерлеріне қатысты 8 қылмыстык іс қозғаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңын орындамаған шенеуніктерге қатысты облыстық әкімшілік кеңеске 24 іс тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті