Қаржы полициясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді ұсынады

Қаржы полициясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді ұсынады

Астана. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қазақстанның ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бірқатар нормалармен толықтыру арқылы оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді ұсынады. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бүгін өткен алқа мәжілісінде осы мекеме төрағасының орынбасары Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Қаңтар 2008
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы 17 қаңтарда «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа басымдықтарын белгілеп берді. Оларды жүзеге асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешімді шаралар қабылдауды, бірінші кезекте ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді талап етеді», — деді Қ. Қожамжаров.

Оның түсіндіруінше, мәселе, атап айтсақ, «заңды тұлғалардың үшінші тұлғаларды сатып алғаны үшін, сондай-ақ, уәде мен пара ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажеттігінің туындауына байланысты». Бұған қоса қаржы полициясы «материалдық және материалдық емес бұйымдарды да» пара заты ретінде айқындауды ұсынады.

«Бұған қоса сыбайлас жемқорлық бабы бойынша сотталған адамға қылмыстық іс-әрекеттердің арқасында табылған болуы мүмкін пайданың шығу тегінің заңдылығын дәлелдеуді міндеттейтін норма енгізу қажет», -деді агенттік өкілі. «Еліміздің заңнамасында осындай нормалардың болмауы 2007 жылы еліміздің халықаралық рейтингтегі индексіне кері әсерін тигізді», -деді ол.

Бұған қоса, агенттік жүзеге асырып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Қ. Қожамжаров «қаржы полициясы органдарына мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлыққа жол беретін алғышарттарды жою жөніндегі міндетті түрде орындалуға тиіс талап қою, сондай-ақ, тиісті министрліктер мен мекемелердің басшыларына оны лайықты қарауды нақты мерзімі мен жауапкершілігін көрсете міндеттеу құқығын беруді ұсынуда».

«Бұл жұмысқа барлық министрліктер мен мекемелерді жұмылдыру, оған функциясы нақты көрсетілген жауапты қызметкерлерді тағайындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен акцияларды халық арасында өткізуді де қамту қажет. Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінде елімізде жұмыс істеп жатқан қызметтердегі секілді біртұтас сенім телефондарын орнату керек», -деді төраға орынбасары.

«Бұған қоса халықаралық сарапшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу ісіне азаматтық қоғамның атсалысуын көрсететін мысалдардың жоқтығы туралы сын-ескертпелеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның тиісті мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысына арналған отырыстарын қоғамдық институттардың өкілдерінің қатысуымен өткізуді ұсынамыз», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті