Қашағанда мұнай өндірісі 2015 жылдың соңы мен 2016 жылдың басында басталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағанда мұнай өндірісі 2015 жылдың соңы мен 2016 жылдың басында басталуы мүмкін

Қашағанда мұнай өндірісі 2015 жылдың соңы мен 2016 жылдың басында басталуы мүмкін

Қашаған кенішінде мұнай өндірісі келер жылдың аяғында немесе 2016 жылдың басында 200 километрлік құбыр төселгеннен кейін басталмақ.

  • 28 Сәуiр 2014
  • 658
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Financial Times басылымына Қазақстанның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Оның бағалауы бойынша, жобаны іске қосудың кешеуілдеуі Қазақстан үшін биыл ІЖӨ 0,5%-ын жоғалтуды білдіреді.

Бұрын хабарланғандай, Қашаған кенішінде мұнай өндіру 2013 жылы 11 қыркүйекте басталды. Алайда 24 қыркүйекте газ құбырын тексеру кезінде газдың сыртқы шыққаны анықталып, жұмыстар тоқтатылды. Жөндеу жұмыстарынан кейін Қашаған кенішіндегі ұңғымалар ашылып, мұнай өндірісі қайта қалпына келді. Алайда 9 қазан күні газ құбырын жоспарлы тексеру барысында тағы газдың сыртқа шыққаны анықталды. Мұнай өндірісі қайта тоқтатылды.

Талдау барысында құбырда ұсақ сызаттар анықталды. Бұл і күкірті көп табиғи газдың металға әсер етуіне байланысты. Осылайша, бүкіл құбырды ауыстыру қажет.


17 жыл ішінде Eni, Total, Royal Dutch Shell и Exxon Mobil құрамына кіретін инвестор компаниялар іске асырылуы бірнеше рет шегерілген жобаға 50 млрд. $ жұмсады.