Қашағанда мұнай өндірісінің қайта басталуы мерзімдері нақтыланбады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағанда мұнай өндірісінің қайта басталуы мерзімдері нақтыланбады

Қашағанда мұнай өндірісінің қайта басталуы мерзімдері нақтыланбады

Бүгінгі күнде каспийлік Қашаған кен орнында мұнай өндірісінің қайтадан қашан қолға алынатындығын айту мүмкін емес, деп мәлімдеді мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.

  • 7 Сәуiр 2014
  • 625
Фото - Caravan.kz

"Бұл мен өзіме де қоятын сұрағым болып отыр. Дәл қазір бірдеңе деп айту мүмкін емес", деді ол журналистерге Астанада дүйсенбіде.

Ол атап өткендей, жүргізілген зерттеу нәтижелері мұнай құбырының теңіздегі бөлігінде де микросызаттар болуы ықтимал, деген қауіпті туғызып отыр.

"Бірақ қазір теңізді мұз басып жатыр, мұз еріген соң ол жерді зерттеу керек. Теңіздегі бөлікте сызат болатын болса, әрине, жоспарланған жұмыстардың мерзімі ұзара түседі", деді Ұ.Қарабалин.

"Қазір мердігерлер әр түрлі жолдарды қарастырып отыр. Егер жөндеу жұмыстары тек жер бетінде жүргізілсе, онда өндірісті биыл бастауға болады. Ондай болмаған күнде, навигацияны күтіп, құбырларды навигациялық мерзімде салатын боламыз. Онда ұзап кетеді", деді министр.

Қашағанда мұнай өндірісі 2013 жылы 11-қыркүйекте басталған. Алайда, 24 қыркүйекте, құбырды жоспарлы тексеру кезінде "Остров D"-дан "Болашақ" зауытына апаратын құбырда ілеспе газдың ағып кеткендігі белгілі болған. Қашағандағы жұмыс тоқтатылды. 6-қазан күні жөндеу жұмыстары аяқталған соң скважиналар ашылды, бірақ 9-қазан күні тағы да газдың ағып кеткендігі белгілі болды. Газдың шығып кетуіне сульфит қоспалары ықпалынан құбырдың жарылуы себеп болған.

Кен орнын NCOC игеріп отыр, оның акционерлері AgipCaspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,88%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%), Total EP Kazakhstan (16,81%) және CNPC Kazakhstan B.V. (8,33%).


NCOC Қашағандағы мұнай қорын 11 млрд баррель деп бағалауда. Мұнай құрылымындағы шикізаттың жалпы геологиялық қоры 35 млрд баррель. Бұл Аляскадағы Прудо Бэй кен орнынан (1968 ашылған) кейінгі әлемдегі ең ірі кен орнына саналады.