Қашағандағы апатқа байланысты Үкімет шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағандағы апатқа байланысты Үкімет шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізбек

Қашағандағы апатқа байланысты Үкімет шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізбек

Қашағаннан әзір қайран жоқ! Биыл ірі кен орнынан табыс табамыз деген үміт ақталмайтын секілді. Осындай қауіп барын бүгін Экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

  • 15 Сәуiр 2014
  • 250
Фото - Caravan.kz


Ал Қашағанға АҚШ, Ұлыбритания, Франция секілді мемлекеттердің алпауыт компаниялары мол инвестиция құйғанын ескерсек, бұл тосын жайт оларды да алаңдатып отыр. Сондықтан Үкімет шетелдік инвесторлармен жақын арада келіссөздер жүргізбек. Жоба инвесторларына басқа кеніштерден мұнай өндіруге рұқсат берілу мәселесі де қарастырылып жатқан көрінеді. Айта кетсек, Қашағандағы мұнай өндіру былтыр қыркүйектен бері тоқтап тұр. Бұған құбырлардың тесілуі себеп болған. Қазір Каспий теңізі астындағы құбырлар да тексеріліп жатыр.