Қашағандағы мұнай өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағандағы мұнай өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды

Қашағандағы мұнай өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды

Сейсенбі күні Каспий теңізіндегі кен орнының «Д» аралынан «Болашақ» мұнай өңдеу зауытына апаратын құбыр жарылып, ауаға газ тараған. 

  • 27 Қыркүйек 2013
  • 399
Фото - Caravan.kz

Әлемдегі ең қымбат кен орындарының бірі саналатын Қашағанның мұнай өндіре бастағанына екі аптаға енді толған болатын. Қысқа уақыт ішінде сыр берген құбырларды қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тексеріп жатыр. Кен орнындағы жағдай әлі де қауіпті көрінеді. Өйткені құбыр жарылған кезде газ бен күкірт сутегі ауаға таралған. Апат салдарынан зауыт жұмысы уақытша тоқтатылды. Ал бүгін құбыр маңы қазылып, төтенше оқиғаның себептері анықталуда. 


Қабылбек Қыстаубаев, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары
:

— Жарылыс болған жерді эксковатормен қазып, дәл қай жерден болғанын анықтап,  содан кейін жою жұмыстарына кірісеміз. Қазіргі кезде аралдағы және зауыттағы жұмыстардың бәрі тоқтап тұр. Қазып болғаннан кейін белгілі болады. Шамамен екі күн ішінде бітуі мүмкін.