Қашқын сарбаз ұсталды - Алматы облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашқын сарбаз ұсталды - Алматы облысы

Қашқын сарбаз ұсталды - Алматы облысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде кешеден бері іздеуде жүрген жауынгер Серік Дәулетбай ұсталды,

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 857
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Макаров тапаншасы мен оның оқ-дәрілері алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық  қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысындағы әскери бөлімінің қысқа мерзімді қызметі сарбазының қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол 18 қыркүйек күні таңертең әскери бөлімнен қашып кеткен еді.

ҚР Ұлттық  қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысындағы әскери бөлімінің қысқа мерзімді қызметі сарбазының қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Қазақстан Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 255-бабы 4-бөлігі (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құралдарын ұрлау не қорқытып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сарбазға іздестіру жарияланды», — деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.  


Еске сала кетейік, 18 қыркүйек күні таңертең Алматы облысында 1 сарбаз қашып кеткен еді. Ол қызмет еткен 2177 әскери бөлімі — ҚР ҰҚК Шекара авиациялық полкі.