Жарияланды: 100

Қашықтан білім алып жатқан 73 оқушы коронавирус жұқтырды

Қашықтан білім алып жатқан 73 оқушы коронавирус жұқтырды

Балалар арасында инфекция симптомсыз немесе жеңіл жағдайда өтіп жатыр. Бес бала ғана стационарға жатқызылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қашықтан сабақ оқып жатқан 73 бала коронавирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Оның айтуынша, кезекші сыныптарға барған 36 бала коронавирусқа шалдықты. Олармен байланыста болған 575 оқушы анықталды. Олардың ішінде тағы 10 баладан вирус табылған.

"Балалар арасында инфекция симптомсыз немесе жеңіл жағдайда өтіп жатыр. Бес бала ғана стационарға жатқызылды", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ол бір сыныптан коронавирус шықса, барлық сынып карантинге жабылатынын атап өтті.

"Бірінші тоқсанның аяқталуына бір ай қалды. Балалар бірінші тоқсанды бітірсін деп отырмыз. Содан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданады", - деді Ғиният.

Вице-министр қашықтан білім алып жатқан 73 бала коронавирус жұқтырғанын да атап өтті. Олармен байланыста болған 242 адамның 15-і індетке шалдыққан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін