Жарияланды: 7800

Қаскелеңдегі жартылай жалаңаш тәрбиеші оқиғасы бойынша тың мәліметтер пайда болды

Қаскелеңдегі жартылай жалаңаш тәрбиеші оқиғасы бойынша тың  мәліметтер пайда болды

Бейнекамераға түсіп қалған көріністер сұмдық жағдайға тап болған баланың әкесі Құрманғазы Айтмұқановтың сөздерін дәлелдей түседі.

"Евразия" арнасы жартылай жалаңаш екі әйелдің 10 жасар Арсенмен бірге  жабық бөлмеде не істегенін анықтауға тырысты. Оқиға Қаскелең қаласында акыл-есі кемшін қалған балаларға арналған интернатта болған еді.

"Балама 40 минут бойы әлгі әйелдер не істеді деген сауалға жауап таба алмай әбден басым қатты, - дейі ер адам.

Алғашында өзім де ұялып қалып, бөлмеден шығып кеттім. Содан кейін онда бір жамандықтың болғанын түсініп, суретке түсіріп алмақ болдым. Себебі кейін дәлелдей алмас едім.

Бөлмеге қайта кіріп, екі мәрте суретке түсірдім. Тәрбиешілерден онда не істеп жатқанын сұрадым. Әлі күнге дейін мардымды жауап ала алмадым", - деді баланың әкесі.

Баланың өзі іште не болғанын айтып бере алмайды. Арсеннің дамуы біраз артта қалған, аутизмнің белгілері бар. Оның әкесі түсіріп алған суреттерді интернаттың директорына, кейін полицияға көрсетіпті. Бірақ олар қылмыс белгілері жоқ деп жазған арызды алғысы келмеген. Құрманғазы болған оқиғаны әлеуметтік желіге жариялаған соң ғана келеңсіз жайт қоғамның, прокуратураның және білім басқамарсының назарына ілікті. Ал оқиғадағы тәрбиеші әйел 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір демалысқа шығып кетіпті. Ол өзінің түсініктемесінде балалар төсегінде массаж алдым деп жазған.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть