Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

  • 2 Желтоқсан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Жиын видеоконференция форматында өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы .

"Бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының төрағалығымен видеоконференция форматында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, Ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды және алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды.

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне Ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарлануда.


Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады деп күтілуде", — деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

 

Соңғы жаңалықтар