Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуде өткен  ІІ Еуразиялық экономикалық форумда айтқан сөзі қызу талқылануда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуде өткен  ІІ Еуразиялық экономикалық форумда айтқан сөзі қызу талқылануда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуде өткен  ІІ Еуразиялық экономикалық форумда айтқан сөзі қызу талқылануда

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен  «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты ІІ Еуразиялық экономикалық форумда айтқан сөзі қызу талқығлануда. . 

  • 25 Мамыр 2023
  • 54
Фото - Caravan.kz

 Президент форумжа одақ негізгі  міндеттерінен айнымау керек екенін баса айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы

"Тағы бір мәселе бар.  Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында Ресей мен Беларусь сияқты одақтас елдердің бар болуы. Бұл одақтың концептуальдік және идеологиялық негізі айтарлықтай маңызды. Бұл — екі халықтың тарихтарын ортақ деп тану, мәдени, тілдік, діни ұқсастықты мойындау, яғни бір халық, бір мемлекет деген ұғымға келуі.. Тіпті екеуіне ядролық қару да ортақ.

Алайда ЕАЭО аумағында Қазақстан, Қырғызстан, Армения ұсынатын интеграцияның тағы бір деңгейі бар. Бұл концептуалдық мәселе. Сол шындықпен санасу керек. Меніңше, осы экономикалық форумда бұл мәселені талқылауға тиіспіз",- деген еді Тоқаев.

Еске сала кетейік, президент өткен жылы өткен Петербург халықаралық экономикалық форумында ""Біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Демек, біздің көзқарасамызда квазимемлекеттік аумақ боп есептелетін Донецк пен Луганскке қатысты да осы принципті ұстанамыз" деген -өткір мәлімдеме жасаған еді. 

Әлеуметтік желіде Тоқаевтың былтырғы және осы жолғы қатқылдау  мәлімдемелері қызу талқылануда. Тіпті бұл Еуразиялық экономикалық одақтың  болашағы бұлыңғыр екенін көрсетеді деген пікірлер  қайтадан қызу айтылып жатыр.