Қырқынан шықпай жатып Жәмилдан аурудың белгілері байқала бастаған. Шақалақтың миына қан құйылып инсульт алыпты. Сағат сайын талмасы ұстайтын бала қазір өздігінен жүре алмайды. Көзі де нашар көреді. Шетелдік мамандар «ол эпилепсияның ауыр түріне шалдыққан» деген тоқтамға келіпті. Ата-анасы бар дүние-мүлкін сатып, Қырғызстан, тіпті Франциядағы мамандарға апарып емдеткен. Алайда білікті дәрігерлердің өзі дертке шипа қондыра алмаған. Табанынан таусылған отбасының соңғы үміті барселоналық ақ халаттыларда. Олар науқасты аяғына тұрғызуға уәде беріпті. Бірақ жағдайы қоңыртөбел жанұяның қаржысы жоқ. Көмек қолын созам деушілердің экранда көрсетілген ұялы телефонға хабарласуына болады.
Лиза Қырбашева, Жәмилдің әжесі:
-Испанияға барып келдік, ондағы дәрігерлер ота жасау керек деді. Судоргының ошағы бар деді, оны дәрілермен емдей алмады.Ота жасау керек деді. Соған бізге ақша жинау керек.Бес айдың ішінде. 56 770 еуро ақша керек.
Отбасының телефоны: 8 777 104 04 04