Қатты жел үш мектеп пен екі балабақшаның шатырын ұшырып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.49
  • 601.07
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қатты жел үш мектеп пен екі балабақшаның шатырын ұшырып әкетті

Қатты жел үш мектеп пен екі балабақшаның шатырын ұшырып әкетті

Батыс Қазақстан облысында болған қатты дауыл мектептер мен балабақшалардың шатырын ұшырап әкетті,

  • 12 Шiлде 2011
  • 344
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

8 шілде күні екпіні 28 метр/секундқа дейін жеткен қатты жел Сырым ауданының Жымпиты ауылындағы Досмұхамедов атындағы орта мектептің және «Балдырған» балабақшасының шатырын ұшырып, ВЛ-110 электр желісін үзді.

Қаратөбе ауданындағы Қаракөл ауылында да орта мектептің шатыры ұшып, түтін мұржалары, терезе шынылары зақымданған. Бөкей ордасы ауданының Саралжын және Тереңқұдық ауылдарында да Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің және балабақшаның шатыры, 3 трансформатор зақымданған, телефон және электр желісі бағандары құлаған, тұрғын үйлердің шатырлары зардап шекен. Абырой болғанда, адамдар аман-есен.

Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Перейти к новостям спорта