Жарияланды: 5700

Қатын бейнесін сомдайтын актерлер неге көбейіп кетті?

Қатын бейнесін сомдайтын актерлер неге көбейіп кетті? Сурет - mycollages.ru коллажы

Бүгінде сахнада әйел образын сомдау арқылы елге кеңінен танылған актерлер жетерлік. Дегенмен, олардың кейбірі әртістік шеберлігінің сан алуан қырын көрсетіп, түрлі рөлдерде ойнап жүрсе, бірқатары сол бір ғана әйел кейпімен шектеліп жататыны жасырын емес.

Caravan.kz медиа-порталы әйел бейнесін сәтті сомдап шыққан бірқатар әртістерді еске түсіріп көрді.

Отандық әртістер тізімін «Шымкент-шоу» театрының актері Берік Тұрсынбеков бастап тұр. Күлпәш образы арқылы көпшілікке тез танылған актер келіншектер бейнесін ең көп сомадағандардың бірі.Тіпті оған бір кездері қатын бейнесін сомдай бергені үшін біраз сын да айтылды.Сондықтан болар Берік Тұрсынбеков кейінгі кездері әйел бейнесінде көрінуді сиреткен секілді. 

«Өнер қырандары» әзіл-ысақ театрының актері Жанболат Найзабековте ұзын тұра әйелдің бейнесі арқылы белгілі. Аталған театрда әйел рөлі көбіне Жанболатқа жүктеледі. Бірақ Жанболат әйел образынан да басқа кейіпкерлерді сәтті сомдап жүр. 

КВН арқылы танылған Нұрбол Айтулов. Бүгінде «Нысана» театрының белді актері. Кей кездері жас қыздар мен әйелдер, тіпті жас бала рөлдері арқылы жиі көрініп қалады. 

Актер Нұртас Адамбаев Сабина келін бейнесі арқылы ерекше есте қалды. Сондай-ақ ел ішінде шу туғызған «Сабинка келинка» фильмінде басты рөлде көрінді. Қазақстан киносыншылар қауымдастығы 2015 жылы Нұртас Адамбаевқа осы бейнесі үшін "Үздік әйел адам ролі" номинациясын табыстады. 

Тұрсынбек Қабатов әйел образында көрінген актерлер қатарына жатпайды. Дегенмен оның «Алып қашу операциясы» фильмінде әйелдің бейнесін сәтті сомдағаны есімізде.

Ерболат Төлегенов. Халық оны тек Шүмән апа рөлінде ғана таниды. Кемпір бейнесімен көрініп жүрген Ербол Төлегеновке де әртіс түрлі рөлді сомдай білу керек деген мағынада біраз сын айталған болатын.Бірақ Ерболат әлі де Шүмән апа рөлінен шыға алмай жүр. 

Нұржан Құлшынбаев. «Шаншар» театрының актері Нұржан Құлшынбаев та келіншек рөлі арқылы кеңірек танылды. Әртістер арасында “Томпақ Нұржан” деген атпен танымал. Дегенмен ол әйел рөлін сомдай беруден жалықтым. Халық мені қолынан басқа ешнәрсе келмейді деп ойлайтын сияқты”, – деп басылымдардың біріне ағынан жарылған болатын.

  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін