Қауіп таяп қалды. Тұрғындардың қауіпсіз жерге көшуге уақыты қалған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қауіп таяп қалды. Тұрғындардың қауіпсіз жерге көшуге уақыты қалған жоқ

Қауіп таяп қалды. Тұрғындардың қауіпсіз жерге көшуге уақыты қалған жоқ

Флорида тұрғындарына жақындап келе жатқан «Ирма» дауылының қаупіне байланысты өз үйлерінен тастап, қауіпсіз жерге барып паналауды, сондай-ақ саяхатқа шықпауды айтып жатырмыз, деп мәлімдеді Флорида губернаторы Рик Скотт. Оның сөздеріне қарағанда, қауіп-қатер аймағынан кетуге енді кеш, деп жазады Би-би-си.

  • 10 Қыркүйек 2017
  • 1714
Фото - Caravan.kz

Флоридада жергілікті билік 6,3 млн тұрғынға эвакуациялануға бұйрық шығарған, бұл штат халқының төрттен бірі деген сөз. Бұған дейін дауылдың Кубада ойран салуының салдарынан несер жаңбыр жауып, күшті жел тұрған. Жергілікті үкіметтің мәлімдемесіне сүйенсек, ол жағалаудағы елді мекендер мен курорттарға зор шығын келтіріп, бірнеше ауданды электр жарығынсыз қалдырған. БАҚ мәліметтері бойынша, Кубада желдің жылдамдығы сағатына 250 киломметрге, толқындардың биіктігі жеті метрге дейін жеткен. Миллионнан астам кубалық дауылдан қауіпсіз жерге көшірілген, құрбан болғандар туралы мәліметтер жоқ. «Ирма» дауылының қуаты сенбі күні бесінші деңгейден үшінші деңгейге дейін түскен, бірақ синоптиктер дауыл Флоридаға жеткенше барынша күшейіп кетуі мүмкін деп қауіптенеді.



 

Соңғы жаңалықтар