"ҚазАгро" басшысы 20 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазАгро" басшысы 20 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды (видео)

"ҚазАгро" басшысы 20 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды (видео)

 

  • 14 Қараша 2019
  • 9
Фото - Caravan.kz

Жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгро» холдингіне қарасты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның басқару мүшесі, басқарма директорының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен сот алды тексеріс жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хаттамаға сәйкес, мемлекеттік қызметті атқарушы азамат алаяқтық жолмен және өз қызметін асыра пайдаланушылықпен 20 миллион теңгені жымқырған деген күдікке ілініп отыр. Бұл ақша "Интер-Агро" ЖШС және "ИнтерАгроТрейд" ЖШС-ларының басшысына тиесілі. Оқиға Ақтөбе облысында орналасқан кепілді мүлік – элеваторға қатысты орын алған. 

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оның кінәсі сот барысында анықталатын болады. 


 

Соңғы жаңалықтар