«ҚазАгро» мен «Атамекен» ынтымақтаспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазАгро» мен «Атамекен» ынтымақтаспақ

«ҚазАгро» мен «Атамекен» ынтымақтаспақ

Елордада «ҚазАгро» мен «Атамекен» одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

  • 6 Қараша 2012
  • 344
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты «ҚазАгро» баспасөз қызметінен хабарлады.

Құжатта көрсетілгендей, ұлттық холдинг пен қоғамдық бірлестік арасындағы келісімнің басты мақсаты — агроөнеркәсіптік кешен саласында іске асырылатын мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру және республикада ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге ықпал жасау.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы «Атамекен» одағы» ЗТБ агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін қолдау бағдарламаларын талқылау мен іске асыру және еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, аграрлық секторды дамытуға ынталандыру бойынша бірлескен жұмысты жүргізбек ниеттері бар. Сонымен бірге, тараптар өздерінің пікірлерімен, көзқарастарымен, ойларымен алмасып, ауыл шаруашылығының көкейтесті проблемаларын шешу жөнінде ұсынымдар өңдеп шығармақшы болып уәделесті.

Құжатқа сәйкес, тараптар қажеттілікке қарай статистикалық, оперативтік және басқа да ақпараттық-талдамалы материалдармен, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарының мүдделерін қозғайтын ерекше маңызды мәселелер бойынша ақиқаттықты және ұлттық холдинг пен «Атамекен» одағының көзқарастарын көрсететін құжаттармен және басылымдармен алмасатын болады.

Холдингтің инвестициялық және несие саясатын әрі қарай жетілдіру мәселелерінде, агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың жаңа бағдарламаларын әзірлеуде «ҚазАгро» ынтымақтастық орнатуға әзірлігін білдіреді. «Атамекен» өз кезегінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзекті проблемаларды шешуде ұлттық холдинг пен бизнес-бірлестік арасында сындарлы диалог ұйымдастыруға, сондай-ақ, АӨК саласындағы нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу мен талқылауға ықпал жасауға әзір.

Соңғы жаңалықтар