Бұл өтініштер бойынша диқандардың несиелері мен лизингін арзандатуға 443,6 млн теңге мөлшерде субсидия бөлінді, деп «ҚазАгро» баспасөз қызметі мәлімдеді.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне арналған несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарлама елде осымен екінші жыл жұмыс істеуде.
"Қазагромаркетинг" АҚ осы бағдарламаның операторы болып табылады.
Бағдарламаға ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату бойынша қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар, қожалық шаруашылықтар қатыса алады.
Бағдарламаға қатысқысы келетін қарызгерлер несие алған екінші деңгей банктеріне және лизингтік компанияларға жүгінуі тиіс.
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайтын және шетелдік валютамен жылдық 10%-дан аспайтын несиелер мен лизингтер субсидиялауға жіберіледі.
Бұл ауылшаруашылық техникасы мен технологиялық қондырғы лизингі бойынша келісімшарттар, айналым қаражатын толтыру, негізгі құралдар сатып алу мен құрылысөа несие келісімшарттары болуы мүмкін.