Жарияланды: 90

Қазақ балалары қытай ертегілерін оқып жүр

Қазақ балалары қытай ертегілерін оқып жүр

Қазақстандық баспалардың бірі балаларға арнап қазақ тілінде қытай ертегілерін басып шығарған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  arasha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол ертегі кітапшаларда балаларға арнайы қытай тілін оқып-үйренуге арналған сабақтары да бар. Ертегі бірінші қазақ тілінде жазылған, содан кейін «Қытай тілінде оқып-үйренейік» деген жеке бөлімде ертегі қытай тілінде жазылып, оқылуын латын қаріптерімен көрсеткен.

“Фолиант” баспасынан шыққан кітапшаның суреті

Кітапша түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Біздің қолымызға түскен кітапшада ертегінің мазмұнына қарай  қытайлардың ұлттық киімдерін киген кейіпкерлерінің суреті бейнеленген, кейіпкерлердің аты-жөндері Лу Сю, Жугы Ляң, Цау Цау деген сияқты қытай есімдері.

“Фолиант” баспасынан шыққан кітапшаның суреті

«Фолиант» ЖШС баспасынан бұдан да басқа қытай ертегілері басылып шыққан екен: «Айдаһар әміршісі», «Қоңырау ұрлау», «Ештен кеш жақсы», «Темір таяқтан тебен жасау» секілді бірқатар ертегілер бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін