Қазақ баласы АҚШ президентімен сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ баласы АҚШ президентімен сөйлесті

Қазақ баласы АҚШ президентімен сөйлесті

АҚШ президенті Джо Байден қазақ баласының амандасу үшін созған қолын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

  • 9 Қазан 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz


Баланың есімі Әлтайыр екені белгілі. Ол АҚШ президентімен Пенсильвания университетінің кампусында кездесті. Сөйтсе оның анасы осында оқитын болып шықты. Америка президенті мұнда ресми сапармен келген.

Видеоны 8 қазанда әлеуметтік желіде баланың анасы жариялады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоның астына түрлі пікір қалдырды: «Қандай керемет! Бұл сәтті өмір бойы есінен шығармайтын болар», «Бұл да бір белгі, Әлтайырдың жолы үлкен болсын деп тілейміз», «Керемет. Джо Байденнің өзі ғой! Осылай да болады екен ғой! Әлтайырдың бағы бар деші! Жарайсыңдар!».