Қазақ футболына қазақтілді хатшы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ футболына қазақтілді хатшы келді

Қазақ футболына қазақтілді хатшы келді

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

  • 10 Ақпан 2021
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы мәлімдеді.

Ермұхамед Мәулен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары "QAZSPORT" арнасының редакторы қыметін атқарған.

2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.

2017-2018 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы "Хабар" агенттігінің спорт бөлімінің продюсері қызметін атқарды.


Федерацияның баспасөз қызметін бұған дейін басқарып келген Тимур Камашев қызметінен кетті.