Қазақ президенті баратын жиынға Қырғыз президенті бармайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ президенті баратын жиынға Қырғыз президенті бармайтын болды

Қазақ президенті баратын жиынға Қырғыз президенті бармайтын болды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сочи қаласына (Ресей) бармайтын болды. Қырғыз басшысының жұмыс сапары 10-11 қазанға жоспарланған еді. Бұл туралы мемлекет басшысының аппараты хабарлады.

  • 10 Қазан 2017
  • 243
Фото - Caravan.kz

Атамбаев Сочиде ТМД ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің жиналыстарына қатысуы керек болған.

"Жекелеген саясаткерлердің қылмыс әлемінің көмегімен сайлау күні жаппай тәртіпсіздікке дайындалғаны туралы фактілер тіркелгенін, бұған қоса мұндай саясаткерлердің шетелден қаржылай қолдауын ескере отырып, президент ел қауіпсіздігі мен тәртіпті жеке өзі бақылау үшін жұмыс сапарынан бас тартты", — делінген ресми хабарламада.

Атамбаевтың тапсырмасымен, Сочидегі жиындарға қатысатын делегацияны премьер-министр Сапар Исаков бастап барады.


Қырғызстандағы президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Cочиде өтетін ТМД ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесіне ҚР президенті Назарбаев барады деп күтілуде. Назарбаев баратын жиынға Қырығызстанда өтетін сайлау мәселесін сылтау етіп Атамбаев бармайтын болып жатыр.

Соңғы жаңалықтар