Қазақ шекарашылары Каспий теңізінде браконьерлерді құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ шекарашылары Каспий теңізінде браконьерлерді құрықтады

Қазақ шекарашылары Каспий теңізінде браконьерлерді құрықтады

Астана. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ шекарашылары Каспий теңізінде 13 наурызда браконьерлерді құрықтады. Бұл туралы агенттікке ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Наурыз 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

Шекарашылардың ақпараты бойынша, Каспий теңізінің үстінен тік ұшақпен бақылау жасаған шекарашылар экипажы Өрдік мүйісінен 11 шақырым жерде «Байда» маркалы 5 қайықты қолға түсірді. Әрбір қайықты тоқтату үшін шекарашылар тікұшақтан төменге түсірілді. Құрықталған қайықтар Баутино ауылына дейін жеткізілді.

«Шекарашылар браконьерлікке барған 16 ресей азаматын қолға түсірді. Браконьерлерден 3 тонна бекіре балығы, 18 итбалық еті және — 9 итбалық терісі табылды. Сондай-ақ, 450 метр ау және «Ямаха» маркалы 11 қозғалтқыш тәркіленді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бүгінгі кезде браконьерлер жүктерімен бірге «Форт Шевченко» шекара бекетінде ұсталып, істің анық-қанығы тексеріліп жатыр. Бұл оқиға туралы Маңғыстау облысының ҰҚКД мен басқа да құқық қорғау органдарына ақпарат таратылды.

Сонымен қатар, 13 наурызда Петропавл шекара отряды «Бидайық — авто» шекара бекетінде Ресей кедені қызметкерлерімен бірлесе отырып, Ресейден Қазақстанға жеке көлігімен бара жатқан Ресей азаматын ұстады. Оны тексеру кезінде жеке заттары арасынан $90 мың декларацияланбаған валюта табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті