Оның айтуынша, сол арқылы қазақ тіліндегі бір терминнің түрліше жазылу проблемасын жоюға болады.
«Мемлекеттік тіл төңірегінде жүрген мамандар бір терминді әр түрлі етіп аударады және оның түрлі аудармасын пайдаланады», — деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникация кеңістігіне тиісінше енбеуі, тіл мәдениетінің төмендеуі және мемлекеттік тілді білу деңгейінің әркелкілігі Қазақстанның қоғамдық-саяси тұрақтылығына қауіп төндіретінін алға тартты.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді қолдану аясын құқықтық тұрғыдан бекітуіміз керек», — деді Ғ.Телібаев.