Қазақ тілінің әдістемелік құралдарын шығару жөніндегі тапсырысты орындамаған "Жазушы" баспасы жазаланады - ҚР білім және ғылым министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тілінің әдістемелік құралдарын   шығару жөніндегі тапсырысты орындамаған  "Жазушы" баспасы жазаланады - ҚР білім және ғылым министрлігі

Қазақ тілінің әдістемелік құралдарын шығару жөніндегі тапсырысты орындамаған "Жазушы" баспасы жазаланады - ҚР білім және ғылым министрлігі

АСТАНА. 3 тамыз. Kazakhstan Today. Қазақ тілінің әдістемелік құралдарын шығару жөніндегі 63 млн теңгенің тапсырысын орындамаған "Жазушы" баспасы жазаланады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрінің кеңесшісі Аяған Сандыбай журналистер сауалына жауап беру барысында пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Тамыз 2007
  • 758
Фото - Caravan.kz

«Бұл тапсырысты бүгінгі күнге дейін орындамаған атқарушы, әрине, жаза жүктейді, материалдық жаза да тағайындалады. Бірақ мен дәл қандай шара қолданылатындығы туралы айта алмаймын. Әйтсе де, осынау бюджеттік бағдарлама орындалатыны сөзсіз, оны басқа орындаушылар іске асырады, ал заң бұзушыдан бюджеттен төленген қаржы қайтарып алынатын шығар», — деген болжам айтты А. Сандыбай.

«Мен дәл қазір бұл туралы үзілді-кесілді ештеңе айта алмаймын, өйткені, мұндай шешімдер алқа арқылы шешіледі, дегенмен, логикаға сүйенсек, қадамдар әлгіндей болатыны даусыз», — деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Бас прокуратураның ресми өкілі ҚР Білім және ғылым министрлігінің өткен жылғы желтоқсан айының басында қазақ тілінің әдісмтемелік материалдарын шығару жөнінде 63 млн теңгеге келісім-шартына қол қойғанын жеткізген. Келісімнің шарттарына сәйкес, тапсырысты орындаушы 2006 жылдың 31-желтоқсанына дейін облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларға оқулықтарды жеткізуге тиіс болған. Алайда, тексеру барысында белгілі болғанындай, бұл оқулықтар бүгінгі күнге дейін еліміздің бір де бір өңіріне жеткізілмеген.

Ал өткен жылдың 18-желтоқсанында білім министрлігі 19 млн теңге көлемінде алдын-ала төлем жасап, осыдан бірнеше күн өткеннен кейін атқарылған жұмыстар жөніндегі актінің негізінде тапсырысты орындаушыға 44 млн теңге көлемінде қалған қаржыны аударған. Сөйтіп, атқарылған жұмыстар жөніндегі жалған құжаттың көмегімен қазір тапсырысты орындаушы бюджет қаржысын заңсыз пайдалануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті