Қазақ жігіті Петербургте 15 жастағы қызбен интимдік видео түсіремін деп тұтқындалды: Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ жігіті Петербургте 15 жастағы қызбен интимдік видео түсіремін деп тұтқындалды:  Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Қазақ жігіті Петербургте 15 жастағы қызбен интимдік видео түсіремін деп тұтқындалды: Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Қазақстан туралы ресейлік БАҚ не жазуда?

  • 24 Ақпан 2020
  • 397
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы әдеттегідей ресейлік басылымдарға көз жүгіртіп, көршілес елдің БАҚ-ның Қазақстан туралы, қазақтар жайлы не жазып жатқанына шолу жасап көрді.

Петербургте қазақ жігіт 15 жастағы құрбысымен интимдік видео түсіріп, жаға ұстатты

Санкт-Петербург полициясы 18 жастағы қазақстандықты ұстады. Жігіт 15 жасар құрбысымен бірге интимдік видео түсіріп, желіге жүктеген.

Бұл туралы Nation news құқық қорғау органдарындағы дереккөз сүйене отырып хабарлады.

Іс материалдарынан мынаны көруге болады: қазақ жігіті Тула көшесіндегі пәтерді жеке интимдік видео түсіру үшін жалға алған. Жаға ұстатқан жігіт 15 жастағы құрбысымен бірге ол пәтерде көптеген интимді видео түсіріп, желіге салып отырған.

Тергеушілердің айтуынша, қазақ жігіті бойжеткенге есіркі ұсынған, себебі бар қалауын аруға жасату үшін.

Қазақ жігіті жалға алған пәтерде тыйым салынған есірткі заты бар пакет табылды. Сондай-ақ, полиция ол жерден екі ноутбук, флэш-диск, 10 диск, жүйелік блок және екі смартфонды тәркіледі.

URA.RU хабарлағандай, Надым (Ямал-Ненец автономиялық округі) тұрғыны балалар порнографиясын жасағаны және таратқаны үшін күдіктелуде. Бұл туралы ОҚО жол полициясының баспасөз қызметі Ямал-Ненец автономды ауданында хабарлады. Департаменттің мәліметінше, тінту кезінде порнографиялық бейнелерді жасаған азаматтың техникалық жабдықтары табылған.

Ресейдің Түмен облысында қазақ тілі сыныбы ашылды

Халықаралық ана тілі күні Есіл қаласында қазақ тілі сыныбы ашылды.

Бұл туралы "Тюменская линия" басылымы жазды.

Оған 2020 жылы 175 жылдығы тойланатын ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың есімі берілген, деп хабарлады Түмен облысы қазақтарының ұлттық және мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ыбраев.

Факультативтік қазақ тілі тобы №12 мектеп базасында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда балалары қазақ тілін үйренгісі келетін ата-аналардан 53 өтініш өтініш келіп түскен, сабаққа қабылдау жалғасуда.


Ана тілі мерекесі мектеп оқушылары мен мұғалімдер дайындаған концерттік бағдарламамен басталды. Бүгін көптеген балалар ән айтып, қазақша өлең оқыды. ⠀

Облыстық білім және ғылым департаментінің директоры Алексей Владимирович Райдер және Ишим қаласының басшысы Федор Борисович Шишкин сөз сөйледі әрі жылы лебіздерін білдірді.

Ишим қазақтары шашу шашып, қонақтарға тәттілер сыйлады. Құрметті қонақтар қызыл лентаны қиып алғаннан кейін алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар ата-аналары мен ата-әжелерімен бірге қазақ тілінің алғашқы ашық сабағына қатысты.

Ишим класы — Тюмень облысындағы қазақ тілінің төртінші сыныбы. Қалған қазақ үш сыныбы Упорово, Голышманово және Түменде оқытылып жатыр.

Орынбор қазақтары ана тілі мерекесін ерекше атап өтті

21 ақпанда Орынбор қазақтары қауымдастығы қазақтың ұлы ақыны, жазушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шара өткізді, — деп жазды "Оренбуржье" басылымы.

Кездесу «Ұлттық ауыл» мәдени кешеніндегі қазақ мәдениеті мұражайында өтті. Оған облыс мектептерінің оқушылары, студенттер, жұртшылық, Орынбор кітапханаларының қызметкерлері қатысты. Қонақтар өлеңдер оқып, Абайдың әндерін орындап, оның өмірі мен шығармашылық қызметі туралы көбірек ақпарат білген болатын.

Ана тілі мерекесі шай ішумен аяқталды.

 

Соңғы жаңалықтар