“Қазақфильм”: “Қызғылт қоян туралы хикая” фильмінің түсіру жұмысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақфильм”: “Қызғылт қоян туралы хикая” фильмінің  түсіру жұмысы аяқталды

“Қазақфильм”: “Қызғылт қоян туралы хикая” фильмінің түсіру жұмысы аяқталды

“Қазақфильм” киностудиясы тағы бір жаңа туындының түсіру жұмысын яқтады. “Қызғылт қоян туралы хикая” деп аталатын отандық фильм драмалық жанрда түсірілген. Сценарий авторы әрі режиссері - Фархат Шарипов.

  • 31 Шiлде 2010
  • 760
Фото - Caravan.kz

Фильм Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының бірінде 3-курста оқитын Ерлан деген жігіт туралы. Ол Алматыға мақсатына жетіп, өмірде өз орнымды табамын деген үмітпен келеді. Бірақ ол тап болған орта бұл жердегі өмірдің оңай емес екенідігін көрсетеді. Автор Фархат Шариповтың айтуынша, ол жалпы Алматы жастарының өмірі туралы фильм түсіруді мақсат тұтқан. Голливудта тәжірибеден өткен жас режиссердің алғашқы туындысы тамыз айының аяғында көрерменге ұсынылады.

Фархат Шарипов, режиссер:
— Біз аяқтаған жұмысымызды көрсетіп, бар пікірлерді қабылдауға дайынбыз. Біз үшін көрермен пікірі ең маңызды.