Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ngs55.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Тілге байланысты мұнда ешқандай мәселе жоқ. Тек KFC-де ғана кассада тапсырыс берген номеріңді қазақша айтады, сол жағы ғана қиын болмаса. Басында мен Астанада солтүстік жағалауда тұрдым, сондықтан ол жерден қазақша сөйлейтіндерді көп байқайтынмын. Ал қазір мен Астананың орталығында тұрамын. бұл бір кездері Ақмоланың бөлігі болған қаланың тарихи бөлігі және жергілікті тұрғындар арасында орыстар өте көп. қазақша сөйлесуден гөрі, орысша сөйлесуді көп естимін", — деді Павел.