Қазақша Wikipedia-ны дамыту қазақ тіліндегі ақпараттарды көбейтуге мүмкіндік береді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақша Wikipedia-ны дамыту қазақ тіліндегі ақпараттарды көбейтуге мүмкіндік береді

Қазақша Wikipedia-ны дамыту қазақ тіліндегі ақпараттарды көбейтуге мүмкіндік береді

Қазақша Wikipedia -ны дамыту қазақ тіліндегі ақпараттар қорын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Wikipedia-да ең бастысы өз ана тілінде мәлімет іздегендер қажетті ақпаратты еркін табуға қол жеткізеді.

  • 16 Маусым 2011
  • 611
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыға қазақша Wikipedia-ны дамыту жобасының таныстырылымына қатысу үшін келген Wikipedia Foundation (АҚШ) қорының Сенімді өкілдер кеңесінің төрағасы Тинг Чен ҚазАқпаратқа берген сұхбаты барысында айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Wikipedia-дағы қазақ тіліндегі ақпарат қоры өкінішке орай Африка елдерінің деңгейімен бірдей. «Бүгін жаңа жобаның басталғаны туралы жарияланып жатыр. Алдағы уақытта дамиды деп сенеміз», -деді Тинг Чен мырза. Оның айтуынша, Қазақстанда Wikipedia-ны дамытуда, ашық энциклопедианы дамытып үлгерген елдерге еліктеудің қажеті жоқ. «Тек олардың үлгісін пайдалануға болады. Wikipedia еріктілер көмегімен дамитын болған соң, еріктілер өздері бас қосып, жиналып қайсысынан бастау керек, соны шешсе болады. Қазақстан бөлек, өзіндік даму бағыты бар мемлекет. Сондықтан Wikipedia-ны дамытуды ішкі сұранысқа сай жасау қажет»,- деді Wikipedia Foundation өкілі.

Ол өз сөзінде Wikipedia-ны дамытуға ықылас танытып отырған «Wikibilim» қоғамдық қорының жұмысына қолдау білдіретіндіктерін атап өтті. «Біз біріншіден кеңес беру, екінші түрлі жолдармен қолдау білдіреміз. Менің бүгінгі ашылуға келуім қолдау мақсатын жүзеге асыруға байланысты»,- деді Wikipedia Орталық кеңсесінің қызметкері.

Соңғы жаңалықтар