Жарияланды: 430

Қазақ-словения үкіметаралық комиссиясының алғашқы отырысы Люблянада өтеді

Қазақ-словения сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы Люблянада 7-8 маусым күндері өтеді, деп ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлімдеді.

"Отырыс барысында сауда-экономикалық қатынастар, денсаулық сақтау, туризм, білім, банктік салалардағы ынтымақтастық, сондай-ақ келісімшарттық-құқықтық база жағдайы туралы мәселелер талқыланады", - дейді А.Әбдірахманов бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында. Қазақстан делегациясын отырыста Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова басқарады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін