Қазақстан 2005-жылы бюджеттік-сақтандыру медицинасына ден қояды - ҚР мемлекеттік хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2005-жылы бюджеттік-сақтандыру медицинасына ден қояды - ҚР мемлекеттік хатшысы

Қазақстан 2005-жылы бюджеттік-сақтандыру медицинасына ден қояды - ҚР мемлекеттік хатшысы

"Қазақстан 2005-жылдан бастап бюджеттік-сақтандыру медицинасына ден қояды. Осы мерзімге дейін кепілді медициналық көмек қоржыны мемлекет тарапынан қаржымен қамтамасыз етілетіндіктен барлық алғышарттар жасалады". Бүгін, 23-қазанда Қазақстан терапевтерінің 6-құрылтайының ашылуынан кейін өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР мемлекеттік хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осындай мәлімдеме жасады.

  • 23 Қазан 2003
  • 602
Фото - Caravan.kz

И.Тасмағамбетовтың айтуынша, «1995-жылдан бері мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің медициналық жүйесі үздіксіз реформалау кезеңін бастан кешіруде». «Біз міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізгеніміз белгілі. Алайда, өкінішке орай, сол кезде еліміздің экономикалық күш-қуатының осалдығынан ол жүйе күйреуге ұшырады», — деп атап көрсетті мемлекеттік хатшы.

И.Тасмағамбетовтың хабарлауынша, алдағы жылы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға қажетті 90 млрд. теңге міндетті түрде бөлінеді. «Елімізде қазір медицинада бюджеттік-сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізуге жақсы негіз қаланып, барлық алғышарттар жасалды»,- деп қорытты өз сөзін И.Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар