Қазақстан Абхазияда тұрақтылықтың сақталуын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Абхазияда тұрақтылықтың сақталуын қолдайды

Қазақстан Абхазияда тұрақтылықтың сақталуын қолдайды

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Абхазияда тұрақтылықтың сақталуын қолдайды. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Ресей СІМ ТМД Атқару комитетіне Абхазияға қатысты санкциялардың алынғаны туралы нота жолдады. Біз әзірге бұл нотаны алған жоқпыз. Оны алғаннан кейін біз жан-жақты қарастыра отырып шешім қабылдайтын боламыз», — деді дипломат.

«Жалпы алғанда біз өңірдегі ахуалды жіті қадағалап отырмыз және өңірде тұрақтылықтың сақталғанын қолдаймыз», -деді ол.

Ресей 1996 жылы Абхазияға қатысты енгізілген сауда-экономикалық, қаржылық және транспорттық санкцияларды алып, ТМД елдерінен де аталмыш мойындалмаған мемлекетке қатысты шектеулер режимінен шығуды ұсынды. Ресей СІМ бұл шешімді 1996 жылдан бері ахуалдың түбегейлі өзгергендігімен түсіндіруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті