Жарияланды: 440

Қазақстан ағымдағы жылы 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттайды - ҚР АШМ

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ағымдағы жылы 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттайды. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкіметтік сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Болжанған жалпы түсім еліміздің ішкі сұранысын толық қамтамасыз етуге және әлемдік нарыққа 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттауға мүмкіндік береді", - деді А. Күрішбаев. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биыл республикада бункерлік салмағымен 17 млн тонна астық жиналады деп болжанған. Ал былтыр бункерлік салмақпен түсім 22 млн тоннаны құрады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть