Жарияланды: 640

Қазақстан ағымдағы жылы 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттайды - ҚР АШМ (толық нұсқасы)

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ағымдағы жылы 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттайды. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкіметтік сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Болжанған жалпы түсім еліміздің ішкі сұранысын толық қамтамасыз етуге және әлемдік нарыққа 5,5 - 6 млн тонна астық экспорттауға мүмкіндік береді", - деді А. Күрішбаев. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биыл республикада бункерлік салмағымен 17 млн тонна астық жиналады деп болжанған. Ал былтыр бункерлік салмақпен түсім 22 млн тоннаны құрады. Ауылшаруашылығы министрі Қазақстанда "ауылшаруашылығы саласындағы экспорттық әлеуеттің тұрақты өсіп келе жатқанын" атап өтті. "Кейінгі бес жылда экспорт көлемі екі есе өсіп, былтыр 717,6 млн долларға жетті, осы орайда ең ірі экспорттық позициямыз - бидай қалпында қалып отыр. Кейінгі бес жылда республика жылына орта есеппен 6 млн тоннадан астық экспорттаса, былтырғы маркетингтік жылы тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары астық экспорты көрсеткіші - 9,1 млн тоннаға қол жеткізілді. "Былтыр Қазақстан астығына үлкен сұраныс болды. Біз тіпті шекарамызды жабуға мәжбүр болдық, өйткені, бәрі бізден астық сатып алуға ұмтылды. Биыл өкінішке орай мұндай сұраныс жоқ, әлемде былтырғыдан 70 млн тонна артық бидай өндірілді. Сол себепті биыл тек жоғары сапалы астыққа ғана сұраныс болмақ, ал ол бізде бар", - деді А.Күрішбаев. Оның айтуынша, бүгінгі күні қырмандарға түсіп жатқан Қазақстан астығының 92% бірінші, екінші және үшінші класқа жатады. "Ал биыл рекордты астық түсімі жиналады делінген Ресей мен Украинада үшінші және одан жоғары класты бидайдың үлес салмағы тиісінше 19% және 11% ", -деді министр. "Сөйтіп, біздің астыққа әлемдік нарықта биыл да сұраныс жоғары болмақ", -деді ауылшаруашылығы министрі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть