Жарияланды: 550

Қазақстан - аймақтық геосаяси ұстанымына өзгеріс енгізуі мүмкін

Қазақстан аймақтық геосаяси ұстанымына өзгеріс енгізуі мүмкін. Бұл әсіресе Ауғанстан мен Иран мәселесіне қатысты болмақ. Бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңес отырысы өтті. Елбасы оған бүкіл күш құрылымдарының басшыларын жинаған.

Кеңесте негізінен Орта Азиядағы көршілеріміздің ахуалы мен төңіректе жүріп жатқан өзгерістер туралы мәселе көтерілді. Осыған орай, президент Қазақстанның күш құрылымдарының алдына аймақтағы серіктестерімен өзара іс-қимылды күшейту міндетін қойып отыр. Сондай-ақ, Каспий теңізі аймағындағы ахуал да назардан тыс қалған жоқ. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға өңірдің инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық түйткілдерін шешу жөнінде қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін